«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Оған сәйкес, атмосфералық ағындардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.