Бурабайға демалуға келген 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, 2024 жылдың 30 маусымынан бастап, «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығында болған.