Алматыда бұрынғы азаматтық некедегі әйелін сабаған ер адам жазаланды. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында әйелге жұдырық жұмсаған айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, сотталушы бұрын бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.