Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Африка мемлекеттеріне арналған экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Клавер Гатете айтты. «Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Құрлықта орналасқан мемлекеттік қарызы көп әрбір үшінші мемлекет айтарлықтай қаржылай қиындықтарға тап болып отыр»,-деді ол.