Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 128 359 неке қиылып, 44 517 ажырасу фактісі тіркелген. Қалада 33 229 жұп ажырасса, ауылда 11 228 жұп бөлек кеткен. Сарапшылардың айтуынша, ажырасудың басты себептері – ата-аналардың ерлі-зайыптылар ісіне араласуы, моральдық шектеулердің жоқтығы және ажырасу үдерісінің тым жеңілдігі. Жауапты орындардың дерегінше, ішімдік пен нашақорлыққа салыну, құмар ойынға үйірсектеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, зинақорлық және мінез үйлесімсіздігі.