Ел азаматтары енді мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмектің шекті бағасын онлайн бақылай алады. «Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген.