Елдегі кірісі төмен азаматтардың декларациялары мемлекеттің нақты әлеуметтік ахуалды көруіне және одан әрі халықтың нақты көмекке мұқтаж бөлігіне қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді. Осы орайда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Мұстафина жалпыға бірдей декларациялаудың артықшылықтары туралы айтып берді.