Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.