Танымал спортшы Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі күшінде қалды. Бірінші сатыдағы соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырғаны, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын (ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтары, ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7), 8) тармақтары).