Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік сыйлады. Бұл туралы Әбиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Спортшыға темір тұлпар табысталған сәтті Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.