Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асылов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиға футболдағы жемқорлық туралы сауал жолдады. Депутаттың айтуныша, 2018-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Астана» футбол клубына 50,1 млрд теңге, «Барыс» хоккей клубына 48,8 млрд теңге, «Astana Qazaqstan Team» велосипед клубына 31,5 млрд теңге бөлген. Яғни, квазимемлекеттік сектордан 4 клубқа ғана 6 жылда 138 млрд теңге жұмсалған.