«Мектептерде асхана бақылаусыз қалған». Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануынан кейін Мәжіліс депутаттары санитария-эпидемиология қызметіне шүйлікті. Санитар мамандар білім ошақтарындағы асханада мүлдем тексеріс жүргізбеген дейді депутат Наталья Дементьева. Айтуынша, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуда жергілікті атқарушы билік органдары да олқылықтар жіберіп отыр.