Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXІІ отырысында Ізгі ниет елшілері институты құрылды. Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылған. Қазақстан атынан танымал әнші, мәдениет саласының өкілі Димаш Құдайбергеннің кандидатурасы ұсынылды.