Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың 2022 жылдың 17 қазанында мешітте қиған некесіне қатысты мәлімдеме жасады. Дін басқармасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінің 2-бабының 3-тармағында тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана мойындалатынын түсіндіре келе, Қ.Бишімбаев пен С.Нүкеновадан АХАТ бөлімінің құжаты табанды түрде талап етілмегенін жеткізді.