Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шара нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды. Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.