Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметінің жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді. Азаматтар үшін түбегейлі өзгерістер болмайды. Министрлік өкілі Әйгерім Уразалиева тиімділікті арттыру үшін жұмыс уақытында IV санатты жедел шақыруларға қызмет көрсетуге мобильді алғашқы медициналық-санитарлық көмек бригадалары тартылатынын түсіндірді.