ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады. Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін: қорғаныс киімін кию, яғни қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.), киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеру, қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолдану, тазалық сақтау, қоқысты уақтылы тазалау, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отыру, өрмекшіні қолмен ұстамау.