Белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады. Бейнероликте жаттығу аяқталған соң, Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» деп айтады. Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті.