«Дубай-Ташкент» бағыты бойынша ұшқан Өзбекстан азаматы «Ислам Каримов» халықаралық әуежайдағы шекаралық-кеден бекетінде тексеруден өткен. Нәтижесінде оның қол сөмкесінде ақ тастармен безендірілген “Patek Philippe Geneve” жазуы бар қол сағаты табылды. Құны 1 млрд 540 млн 260 мың сум (шамамен 121,5 мың доллар) тұратын алтын сағат декларацияланбаған және жеке тұлғалар үшін белгіленген нормативтен асып кеткен.