V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилі бойынша жүлдеге таласты. Жамбы атуға 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысты. Олар 11 топқа бөлініп, үздіктер іріктеліп шықты. Нәтижесінде Франция құрамасының спортшысы Рафаэль Малет дүбірлі доданың алғашқы алтын медалін иеленді. Моңғолия өкілі Алтанкуяг Нергию күміс жүлдені олжалады. Францияның тағы бір өкілі Гайтан Блот «қолаға» қол жеткізді.