Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына аз күн қалды. Биылғы ойындарға Алматыдан екі спортшы қатысады. Олар «қазақ күресі» бойынша ел намысын қорғайды. Нұрлан Оспановтың айтуынша, әр өңірден ойындарға қатысатын «елшілер» мен бір «батыр» спортшы тағайындалады. Олардың міндеті – ойындардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттау, сондай-ақ кездесулер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру.