Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Зерттеу объектісі Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан ғибадатхана және екі қорған болды. Нәтижесінде қаңлы мәдениетіне қатысты, б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды.