Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева елдегі су қоймалары жағдайын баяндады. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ШҚО екі ірі су қоймасы бойынша 80% су жиналды. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98% толы.Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92%. БҚО төрт ірі су қоймасы 83% су жинады. Бәрі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 884 сантиметрге жетті.