Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.