Бүгінде 20 өңірде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, 52 асырап алушы ата-аналар мектебі аталған санаттағы балаларды тәрбиелеуге қатысқысы келетін азаматтарды психологиялық даярлауда шешуші рөл атқарады. Жаттығулар тренинг форматында өтеді және оған қатысу тегін. Оқу ұзақтығы 42-ден 60 академиялық сағатқа дейін, соңында сертификат беріледі, бұл – олардың бала асырап алуға әлеуетті екенін білдіреді.