Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі. Министрліктің хабарлауынша, учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді. Сондай-ақ жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.