Электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды.