Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде маймыл шешегі ауруы белең ала бастады. «Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі. Шекарада аса қауіпті індеттерге күдікті науқасты қашықтан термометрия арқылы анықтау (алдын алу) бойынша іс-шаралар жалғасады», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур.