Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ведомствоның ағымдағы жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жоспарлары туралы есебін тыңдады. «Президентке қазіргі өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асқаны туралы хабарланды.Жыл басынан бері 21 инфекцияның, оның ішінде коронавирустың аурушаңдық деңгейі төмендеді», - деп атап өтті Ақордада.