Қазір көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты. «Ел заңнамасын бұзған шетелдіктерді мемлекет аумағынан шығару тәртібі қайта қаралып жатыр. Қазір бұл тәртіп өте күрделі. Шетелдіктерді шығарудың процесі тым ұзақ», - деді А. Аталықов,.