Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 90 981 адам ішімдікке тәуелді ретінде есепте тұрса, оның 100-ден астамы - балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алкогольге тәуелді адамдардың саны 89 918-ден 1,2%-ға өсті. Алайда, пандемия жылдарында (2019-2023 жылдар аралығында) тіркелген жағдайлар санының 9,1%-ға төмендеуі байқалған.