Астана қаласының тұрғын үй қоры «Елорда жастары» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында өтінім қабылдауды бастады. Құжат қабылдау 4 қыркүйек таңғы 9:00-де басталып, 10 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін созылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.