Еsil University аумағында мемлекет қолдауымен МЖӘ аясында жаңа заманауи жатақхана салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Болашақ құрылыс алаңының аумағында жаңа ғимараттың макеті көрсетілді. Салтанатты іс-шараға елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов және мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.