Қазір еліміздің еңбек нарығында қай мамандықтарға сұраныс жоғары? Қазіргі кезде Enbek.kz платформасында (портал) 55 мыңға жуық бос жұмыс орны орналастырылған. Оның ішінде ең үлкен сұранысқа ие білім беру саласында - 8,9 мың адамды, біліктілікті талап етпейтін салаларда – 8,4 мың адамды, өндіріс саласында – 6,8 мың адамды, медицина саласында – 4,7 мың адамды құрады. Сондай-ақ жұмыс күшіне сұраныс cолтүстік өңірлерде 9,1 мың адамды, орталық және шығыс өңірлерде – 14,8 мың адамды, оңтүстік өңірлерде – 8,1 мың адамды, батыс өңірлерде – 7,8 мың адамды және мегополистік қалаларда 13,5 мың адамды құрап отыр», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі.