Бұдан былай айыппұл төлеуді кешіктірген ел азаматтарының мүлкіне шектеу қойылмайды. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникалар алаңында өткен брифингте 50 күнде айыппұл төлеу мерзімі біткен азаматтарға тағы да хабарлама жіберілетінін айтты. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды әрі олардың қызметіне төленетін 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады.