Елімізде мопед тізгіндегендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдеу тиіс болады.Мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл өз кезегінде әрбір мопедті тіркеуге және тиісінше олардың жүргізушілеріне механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осы ретте, жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі.