Балаларды қорғау күніне орай Түркістанда «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс шарасы өтеді. Онда әр аудан, қала мектептерінен жиналған оқушылар бір мезеттте Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындайды. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.