Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семей, Ертіс резерваттарында тексеру жүріп жатқанын мәлім етті. «Шын мәнінде Семей орманы резерватының ісі бойынша директоры ұсталды. Ертіс орманы бойынша 188-баппен басталған тергеу шаралары аяқталды. Енді сотқа жолданады. Тергеудің түпкілікті қорытындысын күтейік. Жалпы, министрлік жоспарлы тексеру жүргізіп отырады. Аудит жүргізетін құрылымдық бөлімшелеріміз бар. Басқа да тиісті органдар жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын», — деді Ерлан Нысанбаев