Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен қорғаушысы Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады. «Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күіні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалады. Бұл ереуіл тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет», — деді Айтбек Амангелді.