Синоптиктер ірі мегаполисте 5 шілдеде ауа райын қандай болатынын айтып берді. “Қазгидромет” РМК дауылды ескертуіне қарағанда, 2024 жылғы 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.