Ескірген сайын салығы арзандайды. Үкімет жаңа салық кодексіне біраз жеңілдік қосып, Мәжілісте заң жобасын таныстырды. Ендеше 10 жылдан аса уақыт қолданыста болған автокөлікке салық 30 пайызға төмендетілмек. Ал 20 жылдан асқан автомобильге 50 пайыз жеңілдік бар. Зейнетақы қорынан көлік алуға аударылатын төлем жеке табыс салығынан босатылады.