Алматыда есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.Алматы полициясының қызметкерлері қалалық прокуратура «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жобасы аясында және ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мамандарының көмегімен былтыр тұрақты есірткі желісін жойған болатын.