Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған. «Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», - деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде.