Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 31 жастағы қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны туралы қайғылы жаңалықты Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.