Қызылорда қалалық соты фитнес-клубтан зардап шеккен әйелдің пайдасына 1 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп берді. Қызылорда қалалық сотына 54 жастағы әйел фитнес-клубтан келтірген материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен жүгінді. Онда фитнес-клубта жүрген кезде еденнің ылғал болуы салдарынан суға арналған құрылғының жанына құлап кеткені айтылған. Салдарынан әйел дене жарақатын алған.