Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі лоукостер әуе компаниясының билеттері неге өзге компаниялардан қымбат екенін түсіндірді. «Лоукосер өз мақсатынан айныған жоқ. Кезінде 12-16 мың теңгеден билеттер шыққанда, мүлдем ұшақпен ұшпаған адамдар да ұшып бастады. Бұл қазақстандықтар арасында жаңа мәдениет қалыптастырды. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда әуежай жолаушылары саны 20 пайызға артты. Жалпы Fly Arystan құрылғалы билеттерінің 56 пайызы жеңілтетілген бағамен сатылған», - деп жауап берді министр.