20 шілдеге білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті. Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың).