Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. «Мен тағылған айыппен келіспеймін. Жүнісовтің заңсыз берген арызын біздің құқық қорғау органдары әділетті түрде зерттеп, реттейді деп сеніп, тергеу аясында куәлік берген жоқпын», - деп бастады сөзін айыпталушы. Айтуынша, жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовке осыдан 20 жыл бұрын сіңлісі тұрмысқа шыққан.