Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін «Baur Kazakhstan» АҚ бас есепшісі Анар Байдәулетовадан жауап алынды. Компанияда куәгер 2018 жылдан 2019 жылдың мамырына дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 2020 жылдың қаңтарында Гүлмира Сатыбалды оны «Премьер-НС» ЖШС қаржы директоры ретінде жұмыс істеуге шақырған. Жауап алу кезінде прокурор одан «ТМ Engineering Group» ЖШС есепшотынан «Galanz Bottlers» АҚ пайдасына 600 млн теңге аударылғаны жайында жәбірленуші Абай Жүнісов білді ме?» деп сұрады.