Гүлмира Сатыбалды ісінде жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді. «18 шілде күні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі барысында жәбірленуші куәгер Родионов пен сотталушы Батыршаевпен сөзге келіп, тәртіп бұзғаны үшін сот залынан шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылып, төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған жағдайда, судья ол адамды сот залынан шығарып жіберуге құқылы», - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.